Негізгі құрал
Еңбекті техникалық нормалау
(ҚР Еңбек кодексінің 101-бабы) — нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда өнім бірлігіне, жұмыс көлеміне немесе өндіріс құралдарына қызмет көрсетуге жұмсалатын жұмыс уақытын айқындау; қызметкерлердің қажетті санын және жұмыс орындарының санын айқындаудың, еңбек өнімділігінің деңгейі мен оның өсу резервтерін бағалаудың ғылыми негізделген жалғыз әдісі.
Қағидат: еңбек нормалары технология негізінде белгіленеді. Әдістеме барлық салалар үшін бірыңғай (өтпелі).
Еңбек нормаларын белгілеу әдістері: талдамалық-зерттеу — технологияны зерттеу негізінде жұмыс орындарында тікелей өлшеу әдісі: жедел уақытты айқындау үшін үлгілік операцияларды немесе өндірістік процесті тұтастай хронометраждау; ауысымдағы жұмыс уақыты шығындарының құрылымын, жұмыс уақытының ысырабын және жабдықтың тоқтап тұруын айқындау үшін жұмыс уақытының (жеке, топтық, бригадалық), өндірістік процестің және жабдықты пайдаланудың фотографиясы; талдамалық-есептік — тапсырыс берушінің өндірісінің ұйымдастыру-техникалық жағдайларын, жабдықтың технологиялық және паспорттық деректерін ескере отырып, салааралық және салалық еңбек нормативтерін қолдана отырып, технология мен нормаларды қалыптастырушы факторлар бойынша есептеу.
Уақыт нормасының құрылымы: жедел уақыт (негізгі және қосалқы) — жұмыс орындарында зерттеу немесе есептеу бойынша; дайындық-қорытынды уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, демалу және жеке қажеттіліктерге арналған уақыт — салааралық нормативтер бойынша.
Еңбек регламенті (операциялардың тәртібі мен ұзақтығы) және еңбек нормалары — жұмыстарды орындау стандарты: үнемді өндіріс пен кайдзен жүйесіндегі жақсартуларды өлшеу мен бекітудің негізі.